«Ортеке» ЮНЕСКО-ға енбек

«Ортеке» ЮНЕСКО-ға енбек

Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың халық биі «Ортекені» енгізу бойынша шаралар атқаруда. Бұл іске еліміздің ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі комитетінің сарапшылары жұмылдырылды. Қазақтың халық биі «Ортекенің» үш түрі бар: қуыршақ теке, бишілер тобы және жеке биші. Ұлттық музейде түсірілген бейнероликте қуыршақ теке нұсқасы ұсынылған. Туындыны Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның «Қорқыт» этноансамблі мен Sholpan Korganbek өнер студиясының жас музыканттары орындады. Идея авторы – продюсер Айдар Қырықбайұлы, операторы – Хамит Бибарыс.

Асыл ТҰМАР