Мобильді қабылдау: халық өтініші орындалды
Мобильді қабылдау: халық өтініші орындалды
326
оқылды
«AMANAT» партиясын мо­дер­­­низациялауға сәйкес осы көктемде шалғайдағы елді ме­­кендерде мобильді қоғамдық қабылдау жобасы қолға алын­ған болатын. Ол саяси ұйым­ды қайта жаңғырту бағ­дар­­ламасы аясында жүзеге асы­рылды. Қоғамдық қабылдау кездерінде көтерілген көп­теген мәселе бүгінде оң ше­шімін тауып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айы­ның соңында «AMANAT» пар­тия­сы Қостанай облыстық фи­лиа­лының атқарушы хатшысы Бибігүл Ақкужина, облыстық мәслихат депутаты Мәди Ихтиляпов, облыстық басқарма басшылары мен жауапты мамандар Науырзым ауда­нының Буревестник ауылына бар­ған еді. Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселе көтерілді. Кездесу барысында Буревестник ауылының ФАП фельдшері Га­лина Запасная өзінің қарамағындағы 3-топ мүгедегі Надежда Дворак­­тың өз бетімен еркін қозғала ал­майтынын, оған мүгедек арбасы керектігін жеткізген. Сол кезде об­лыстық мәслихат депутаты Мәди Ихтиляпов мүгедек арбасын алып беруге уәде еткен. Енді, бірқатар облыстық мәслихат депутаты Мәди Ихтиляпов мұқтаждығы ерекше санаттағы жанға Қостанай қаласынан арнайы мүгедек арбасын алып берді. Арбаны Буревестник ауылының әкімі Азамат Дадев ауылға жеткізіп, ФАП фельдшері Галина Запасная мен ауылдық округтің бас маманы Елена Ганинамен бірге Надежда Дворакқа табыс етті. Сөйтіп, ол көптен күткен арбасына қол жеткізді.
– Бүгін менің емделушім үшін қуанышты күн десем артық емес. Себебі көптен бері осындай арбаны қажет етіп жүрген. Алдында ауылымызға келген делегаттарға өз өтіні­шім­ді айтып едім. Бірақ мәселе дәл осылай тез арада шешіліп қалады деп ойламадым. Осы орайда облыс­тық мәс­лихат депутаты Мәди Өмірзақұ­лына өз атымнан және Надежда Дворак­­тың атынан шынайы алғысымызды білдереміз, – деді Галина Запасная.
Одан бөлек, көшпелі қабылдау­ға жүгінген Наталья Гребнева есім­ді тұрғынның шатырын жөндеу жөніндегі өтініші де аяқсыз қалмады. Халық қалаулысы қабылдау кезінде берген сөзінде тұрып, жал­ғызбасты ананың үйіне жаңа шатыр жауып берді. Атап өтерлігі, осы мобильді қо­ғам­дық қабылдаулар арқылы өңір­дің барлық шалғай елді мекендері тұрғындарының өтініштері тыңдалды. Партия филиалы тарапынан тұр­­ғындар көтерген әрбір мәселе жіті бақылауға алынып, тиісті ор­ган­дар арқылы оңтайлы шешімін тауып жатыр.