Ақтөбеде танымал ресейлік блогерді ұрып-соғып, тонап кетті
Ақтөбеде танымал ресейлік блогерді ұрып-соғып, тонап кетті
© diapazon.kz
YouTube желісінде Странник Артур лақап атымен белгілі ресейлік танымал саяхатшы блогерді Ақтөбеде  белгісіз біреулер тонап, соққыға жықты, — деп хабарлайды "Диапазон" басылымы. Саяхатшы велосипедпен Қазақстан, Моңғолия арқылы өтіп, сапарын Алтайда аяқтағысы келген.
"Мен Байкалға бармақпын. Маршрут үш мемлекет (Қазақстан, Моңғолия, Ресей) арқылы өтеді. Мен Башқұртстанның Стерлитамактан қайта артқа қайтамын. Мен осы үш арқылы өтіп, барлық эмоцияларды сезінгім келеді", - деді ол.
Алайда блогер соңғы видеосында Ақтөбеде өзіне шабуыл жасалғанын айтқан.
"Мені Қазақстандағы Ақтөбе қаласында тонап кетті. Әрең дегенде Ресейге келдім. Ақшам да жоқ еді, полиция билет алып берді, Орынборға кеттім", - дейді блогер.
Блогердің айуынша, кешке Ақтөбені аралап жүрген кезде оған бір топ ер адам шабуылдаған. Тонаушылар оның велосипедін, айфонын, сөмкесін алып кеткен. Тек құжаттары, бейнекамерасы және қалтасындағы 2000 теңге ақшасы ғана қалған.