Жаңаөзенде мұнай сервистік кәсіпорнында өрт шығып, жұмысшы тірідей жанып кетті
Жаңаөзенде мұнай сервистік кәсіпорнында өрт шығып, жұмысшы тірідей жанып кетті
430
оқылды
Жаңаөзен қаласында «Кезби» ЖШС мұнай сервистік кәсіпорнында өрт шығып, жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Нұрсұлтан Нұрымұлы есімді әлеуметтік желі қолданушысы  парақшасында хабарлады. Оқиға бүгін, 15 маусымда болды. Әлеуметтік желіде жарияланған кәсіпорын қызметкерлерінің жазбасына сүйенсек, қайғылы жағдай еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы,техниканың әбден тозуы салдарынан болған.
“Еңбек қауіпсіздігі сақталмаған,техника барлығы ескі деп  елордаға дейін бардық. Үнімізді жеткізейік десек, оны тыңдаған Үкімет жоқ. Соңы не болды? Қазамен аяқталды, өкінішті, әріптесіміз еді. Алла Тағала панасына алсын, иманы жолдас болсын, жаны жәннатта болсын”, – деп жазды ол.
Желіде тараған видеода жұмысшының өртеніп жатқанын көруге болады. Видео авторының айтуынша, ол кәсіпорында машинист қызметін атқарған.