Алматыда жұмысшылар жаңбыр суы жиналған шұңқырларға асфальт төсеген
Алматыда жұмысшылар жаңбыр суы жиналған шұңқырларға асфальт төсеген
© pkagat.ru
405
оқылды
Алматыда бір топ жұмысшы жаңбырдан кейін жиналған судың үстіне асфальт төсеген. Мұны әлеуметтік желі қолданушылары жариялады,  – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Бұл келеңсіздік Ақсай ықшамауданында болған. Жаңбыр суына толы шұңқырларға асфальт төсегендердің әрекеті көптің ашуын туғызды. Жұмысшыларды мұнда қай мердігер компания жібергені белгісіз. Әуезов ауданы әкімдігі бұл мәселені тез арада анықтап, жолды қалпына келтіруге уәде етті.
«Ақсай-3, 87 үй ауласында жаңбыр кезінде асфальт салу фактісі бойынша біз міндетті түрде ол жаққа шығып, мердігер мекемені белгілеп, жұмыс істейміз. Асфальт төсенішін міндетті түрде қалпына келтіреміз», – деді Әуезов ауданы әкімдігі коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы Азат Қакетаев.