Қарағандыда мұнай өнімдерін заңсыз сатып келген тұрғынға сот үкімі шықты
Қарағандыда мұнай өнімдерін заңсыз сатып келген тұрғынға сот үкімі шықты
Фото: flashpress.kz
454
оқылды
Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мұнай өнімдерінің шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз заңсыз иемдену, сақтау және өткізу фактісінің жолын кесті. С.Шмидт  өз үйінің аумағындағы гаражда құжатсыз мұнай өнімдерін сақтау және өткізу үшін үш цистернаны пайдаланғаны анықталды.
"2021 жылы ол дизельдік отынды тасымалдауға және өткізуге заңдылығын растайтын құжаттарсыз әрқайсысының көлемі 1 000 литр болатын екі цистерна орнатқан жүк-жолаушы типті көлікті қайта жөндеуден өткізді",–  делінген хабарламада.
С.Шмидт  «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу» туралы заңының талаптарын бұзған, яғни мұнай өнімдерін олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу, сақтау және өткізуді іске асырған.
"Сот үкімімен С.Шмидт қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындай отырып, қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот шешімімен тінту кезінде табылып, тәркіленген дизельдік отын мемлекет пайдасына қайтарылды", – делінген ведомство ақпаратында.