Қызылордада 1 жыл бойы зорланған баланың анасы оқиғаның мән-жайын айтты
Қызылордада 1 жыл бойы зорланған баланың анасы оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: yandex.kz
890
оқылды
Қызылордада 5 бала 8 жасар ұл баланы  1 жыл бойы зорлап келген, – деп хабарлады orda.kz Қорланған баланың анасы Жанна Сәрсембаева «1001 түн» бағдарламасына тікелей байланысқа шығып, жантүршігерлік оқиға жайлы айтып берді.
– Бұл оқиғаны бала өз аузымен айтқан жоқ. Оқиғаны інісі айтып берді. Бала туған інісіне осындай жағдай істеп жатқанын көріп қалдым. Үйде демалып жатқанымда үлкен ұлым інісін шақырып, жыныс мүшесі туралы айтқанын естіп қалдым. Екі балама ұрсып, мұны қайдан үйренгендерін сұрадым. 6 жастағы балам бүкіл мән-жайды іс-қимыл арқылы жеткізді. Көрші бала ағаға осындай істеп жүр дегенді айтты. Мен ести сала, көрші үйге бардым. Анасы мен баласы үйінде екен. Баласын шақырып,  "менің балаларыма не үйретіп жүрсің?" деп сұрадым. Бала 10-15 минутқа жетпестей бес, алты рет істедім деді. Ұлымды сабақтан кейін тастанды ғимаратқа ойнауға шақырып жүрген. Оған доп тебеміз, телефоныммен ойнатамын деп алдаған. Сосын көрші тұратын 5 бала ұлымның артына, аузына мүшелерін тығып зорлап келген. Оны айтсаң, өлтіремін деп қорқытқан, – деді жәбір көрген баланың анасы.
Полиция департаменті сұмдық оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
– Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында, – деп хабарлады полиция департаментіндегілер.