Елордадағы шағын саябаққа патшайым ІІ Елизавета есімін беру ұсынылды
Елордадағы шағын саябаққа патшайым ІІ Елизавета  есімін беру ұсынылды
Нұр-Сұлтан қаласында шағын саябаққа Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета  есімін беру туралы ұсыныс жасалды.
«Қабанбай батыр даңғылындағы «Салтанат сарайы» кешені мен The St. Regis Astana қонақүйі арасында орналасқан атаусыз скверге Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігінің патшайымы ІІ Елизавета есімін беру ұсынылып отыр. Аталған ұсыныс Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің тарапынан екіжақты дипломатиялық байланысты нығайту мақсатын көздейді», деді Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәслихат отырысында жасаған баяндамасында.
Сонымен қатар елордадағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында орналасқан атаусыз аллеяға мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, дипломат Нәзір Төреқұловтың есімін беру бойынша ұсыныс жасалды.