Елордада 12 жасар қыз Есіл өзеніне батып кетті
Елордада 12 жасар қыз Есіл өзеніне батып кетті
Нұр-Сұлтанда 12 жасар қыз Есіл өзеніне батып кетті. Қайғылы оқиға Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы елді мекеніндегі Silk Way демалыс орнында болған. Қыз ата-анасының қарауынсыз қалып, шомылуға арналмаған орында батып кеткен. Құтқарушылар қыздың денесін бірнеше сағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін тапты. ТЖД хабарлауынша, 21 мамыр күні демалыс орнының су қоймасын тексеріп, шомылуға жарамсыз деп акт шығарған. Ал 28 мамыр күні бөлім қызметкерлері Silk Way демалыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ шомылуға тыйым салынатыны туралы ақпараттық стенд орнатқан. Ақмола облыстық ТЖД суда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
«Жабдықталмаған, тексерілмеген орындарда суға түспеңіз, суға мас күйде кірмеңіз, жаныңызда балалар болса, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару жилеттерін киіңіз»,  – делінген ТЖД ескертуінде.