WhatsApp-та жаңа функция іске қосылады
WhatsApp-та жаңа функция іске қосылады
Фото: appleinsider.ru
623
оқылды
WhatsApp қосымшасында қолданушылар көптен күткен функция іске қосылады. Енді чат мұрағатын Android-тен iPhone-ға көшіру мүмкін болмақ. Бұл туралы Meta-ның бас директоры Марк Цукерберг Facebook парақшасында  жазды. Цукербергтің сөзінше, чат мұрағатын көшіру мүмкіндігін қолданушылар бұрыннан сұрап жүрген.
«Біз WhatsApp-қа чат, фото, видео, аудио хабарламаларды Android пен iPhone смартфондары арасында қауіпсіз көшіру функциясын қосып жатырмыз. Бұл ең сұранысқа ие функция. Былтыр біз iPhone-нан Android-қа ауысу функциясын іске қостық, енді Android-тан iPhone-ға ауысуды қосып жатырмыз»,  – деп жазды Цукерберг.