Нұр-Сұлтанда әйел 16-қабаттан секіріп кетті
Нұр-Сұлтанда әйел 16-қабаттан секіріп кетті
930
оқылды
Нұр-Сұлтан тұрғыны көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп кетті.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 15 маусым күні "102" нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.
"Полиция қызметкерлері әйелдің кім екенін анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты" делінген хабарламада.
Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.