Ақтөбелікті қорқытып, миллион теңгесін иемденіп алған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 4 маусым күні полиция бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау дерегі бойынша арызданды. Ер адамның айтуынша, бейтаныс жігіт күш көрсету арқылы оны қорқытып, 1 млн теңге көлемінде ақшасын иемденген. Бірақ қаскүнем бұнымен тоқтамай, тағы да 1,5 млн ақша талап еткен. https://www.youtube.com/watch?v=ow2zMCzbWO0&feature=emb_title Полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 450 мың теңгені беру кезінде бұрын сотталған 32 жастағы күдіктіні ұстады.