Максим Рожин: Құрылтайдың Ұлытауда өтуі – идеологиялық тұрғыдан өте дұрыс шешім
Максим Рожин: Құрылтайдың Ұлытауда өтуі – идеологиялық тұрғыдан өте дұрыс шешім
©almaty.tv
461
оқылды
Құрылтай мүшесі Максим Рожин Ұлытауда өтетін алғашқы Ұлттық құрылтайда талқылануы мүмкін мәселелер туралы айтты. – Алғашқы құрылтайдың Ұлытауда өтуі – идеологиялық тұрғыдан өте дұрыс шешім. Елдің бірігуіне, халықтың ынтымағын дамытуға бағытталған құрылтай болғаннан кейін, ертеңгі жиында сол бағыттағы идеялар айтылады. Талқылау платформасының көп өзгешелігі бар. Бұрын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде Алматыдан келетін мүшелері аз болатын. Ал қазір құрылтайда 117 адам бар. Оның ішінде әр аумақтың азаматы бар. Олардың барлығы – жергілікті жерлердегі мәселелерді білетін адамдар. Сонымен қатар құрылтайда айтылатын ойлар, пікірлер мен уәждерге орталық атқарушы билік назар аударып, тиісті шара қабылдайтын болады. Құрылтай кемінде жылына бір рет өтуі керек. Дегенмен ай сайын жүргізілетін маңызды жұмыстар бар. Жалпы бұл жергілікті жерлердегі түйткілді мәселелерді талқылайтын орын болады деп сенемін. Бұдан бөлек, қазір қоғамды бөліп жарған келіспеушіліктер жиілеп тұр. Соны шешу – осы органның міндеті ретінде бекітілді», – деді Ұлттық құрылтайдың мүшесі. Максим Рожиннің айтуынша, Ұлттық құрылтай мүшелерін ҚР Президент Әкімшілігі жасақтаған. Сондай-ақ, ол Құрылтай құрамындағы мамандарға жалақы немесе өзге де төлемдер берілмейтінін айтты.