Толқын Забирова: Жол апатынан миым шайқалды
Толқын Забирова: Жол апатынан миым шайқалды
©.tengrinews.kz
Белгілі әнші Толқын Забирова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты. Ол бұл жайында өзінің Instagram парақшасында жазды. "Қайырлы күн, достар! Осылай басыма күн түсіп тұрған кезде қасымда қаншама жанашырым барына, осындай қиын сәтті менімен бірге бөлісіп жатқан жандардың барына көзім жетті. Сіздерге көп рақмет! Енді ең бастысы - аяқ-қолым сау, сынық жоқ. Мидың шайқалуы деген нәрсемен күресіп жатырмыз. Алаңдамаңыздар, ем алып жатырмын. Осы айтқан тілектеріңізді Алла Тағалам өзі қолдап, еселене алдарыңыздан түссін. Бастарыңызға мұндай күн төнбесін! Ал рөлде отырған жандарға ұқыпты, сақ, жауапты болыңыздар деп айтқым келеді. Өйткені бұл орында бөтен емес, мен емес, өздеріңіздің бір туысыңыз да отыруы мүмкін. Сондықтан үлкен жауапкершілікпен өмірге қарайық", – деді әнші желіде.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Tolkyn Zabirova (@tolkynzabirova)