Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді
©www.inform.kz
Президентті өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды. Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады. Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.