Бразилия радиосында Димаштың әндері қойылмақ
Бразилия радиосында Димаштың әндері қойылмақ
249
оқылды
Биыл мамыр және маусым айларында Димаш Құдайберген орындайтын «Я скучаю по тебе» «О’кей» және «S.O.S» әндері күн сайын Бразилиялық Correio 98 FM радиосының эфирінде қойылып жүр. Ал 24 мамырда радио Димаш туралы арнайы бағдарлама өткізді. Ол бағдалама әншінің орындауындағы «S.O.S» әнімен ашылды. Радиожүргізушілер Димашты үлкен вокалдық диапазоны бар әнші ретінде таныстырып, артистің түрлі музыкалық жанрда және әлемнің көптеген тілінде ән шырқайтынын айтты. Осы жоба аясында Бразилияның танымал «Extra» газетінде Димаш пен оның шығармашылығы туралы бірнеше материалдар жарық көрді.