Тамсандырған табиғат

2632
0
Бөлісу:

Көктен жасын оттары жарқыл қаққанда Алматының асқар таулары ақ қар, көк мұзынан айырылып, бөктері түрленіп, етегі көк кілемге оранады. Сай-сайдан аққан мөлдір бұлақтары ұлы далаға асыққан асау өзендерге құйғанда, тіршілік нәрінің қаншалықты құдіретті екенін аңғарасың.

Табиғатпен тепе-тең тіршілік кешіп келе жатқан үлкен шаһар Алматы мамырда әсем келбеті­мен қызықтыра түседі. Ақшам уақытында Көктөбе бөктерінен қалаға қарасаңыз, мамыр кешінің жарқын түстері жан жадыратады. Жасыл шалғын, әсем гүлдер – қала келбеті… Бәрі-бәрі боямасыз өмір­дің өзі дерсіз. Қаладан шақы­рымға ұзасаңыз, көз­дің жауын алар керемет көрі­ністерге куә боласыз. Сондық­тан далаға шығып таза ауа жұтып, таби­ғат­тың тамаша көрініс­терін қызық­таңыз. Бұл сіздің денсау­лығы­ңызды шыңдап, өміріңізді ұзар­тады.

Тарғаптың қызғылт кілемі


Күнім, сен сөнбеші!


Ландшафт симфониясы


Шымбұлақ аспалы жолы: бұлттардан биікте


Қарғалы, Гигант, Каменистый, Бірінші мамыр шыңдары мен Сайран көлі


Теңіздей тасып келеді…


ҚазҰУ-дың айлы түні…


Мынандай сұлулықты қалай көрмей өтуге болады?.. Есік өзені


Олар сондай сұлу және сондай қауіпті. Іле Алатауындағы тау мореналық көлдері.


Тұман ба, әлде теңіз бе?


Алматы: тұмса табиғат бірнеше шақырымда ғана…


Шымбұлақ кеші керемет


Сайран көлі



Кемпірқосақ пен Көктөбе


Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*