Өзбектің енді өз президенті бар

742
0
Бөлісу:

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының басшысы Мирза-Улугбек Абдусаломовтың хабарлауынша, дауыс беруге сайлаушылардың 87,83 пайызы қатысқан (дауыс беруге 17,9 миллион адам келген). Додаға түскен – төрт адам.

Сайлау  қортындысы бойынша Шавкат Мирзияев  Өзбекстанның жаңа (88,61  пайыз  дауысқа ие) президенті атанды. Ол 13 жыл қатарынан премьер-министр  болған. Марқұм Ислам  Кәрімовтың ең сенімді адамы әрі жерлесі. Кәрімов  қайтыс  болған соң,  елде премьерлік пен президент  қызметті қатар алып жүрді. Ал, Демократиялық партия атынан  түскен Сарвар Отамуратовтың  бұл  додаға  бірінші рет   қатысуы. Халықтық  демократиялық  партия  атынан түскен Хатамжон Кетмонов  пен  социал -демократтық  Нариман Умаров  өткен президентттік сайлауға  қатысқандар. Сайлаудың дәмін аздап татқандар. Бірақ сол сайлауда  екеуі де 3 пайыздан жоғары балл  алмаған. Сол сайлауда  марқұм Ислам  Кәрімов  90,3  пайыздық көрсеткішке  ие болған еді.

Шавкат Мирзияев қысқа уақыт ішінде мемлекет  пен ел үшін біршама игі тірлік жасап үлгерді. Ең бастысы, Кәрімовтың біржақты  саясатынан  бас  тартып,  көршілермен  жақсы болуға  күш  салды. Әсіресе  су  мәселесіне  байланысты Тәжікстан,  Қырғызстанмен  арадағы  жанжалды  реттеуге  тырысты. Кәсіпкерлерге  жеңілдік жасады. Халықтың  өтінішін тыңдайтын  қоғамдық  орындар ашылды. Үкіметте  де біраз өзгерістер  орын алды. Кейбір  саяси   тұтқындар абақтыдан шықты. Шавкат Мирзияев Владимир  Путин, Нұрсұлтан Назарбаевпен  және  бірқатар мемлекет  басшыларымен кездесті. Өзбектің алдағы  жүрер жолын белгіледі.  Кәрімовтың жолынан ауытқымайтынын  мәлімдеді. Ешқандай  әскери блокқа қосылмайтыны да белгілі  болды.

Айнұр Қазыкенова

Бөлісу:

Пікір жазу


*