Компания басшысы азаматтарды жеке қабылдады

617
0
Бөлісу:

Кеше «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің нұсқауына сәйкес азаматтарды қабылдау күні өтті.

Қабылдауды өткізген KEGOC АҚ және бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақытжан Қажиев жеке азаматтардың мәселесімен танысты.

Жеке қабылдауға Астана қаласымен бірге Павлодар және Алматы облыстарынан келген азаматтар электрэнергиямен қамтамасыз ету, электрлік бағаналарды алмастыру және қайырымдылық жобасына әлеуметтік қолдау сауалдары туралы болды.
Екібастұз ауданынан келген «Жеңіс» жобасының еріктісі Жастілек Тілеулес KEGOC төрағасынан ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету мақсатындағы жоба жұмы­сының ары қарай дамуына компания атынан қолдау көрсетуін сұрады. Аталмыш жобаны «Самұрық Қазына» АҚ пен «Жас Отан» ЖҚ төрт айдан бері бірге жүзеге асырып келеді. Бұл жоба аясында ҰОС арда­гер­леріне арналған түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып жүр. Өз кезегінде
Б.Қажиев компанияның Екі­бастұздағы филиа­лына тап­сыр­ма беріп, жобаның дамуына жағдай жасалатынын мә­лімдеді.
Айта кетерлік нәрсе, партияның қабылдау бөлмесіне электрлік бағананы алмастыру мәсе­ле­сімен келген Лидия Почекунинаның өтініші БПҰ төрағасына жетпей-ақ шешілді. Азаматша партияға осыдан бір апта бұрын арызданған екен.
Ақтоты Байғазиева есімді Ақмола облысы Қараөткел ауылының тұрғыны тұрып жатқан жер үйінің электр қуатымен қамта­масыз етілмегенін айтып шағымданды. Б.Қажиев тексере келе бұл мәселе тікелей «Ақмола жергілікті электр желілері» АҚ-қа қатысты екенін анықтады. Ол өз атынан бұл ак­цио­нерлік қоғамға хат жаза­тынын айтты.
Жұмысқа орна­ластыру өтінішімен келген Айгүл Мұха­мет­қалиева үш жыл­дық еңбек өтілімен бух­галтерлік қызметке кіргісі келетінін айтады. KEGOC АҚ төрағасы ком­пания сайтына кіріп бос жұмыс орындарына өті­ніш қал­дыруын сұ­рады. Өйт­кені барлық жұмысқа орна­ластыру істері ашық әрі әділ болуы тиіс.
– Барлық ком­па­ниялар түптің-түбінде азаматтар үшін жұмыс істейді. Сондықтан аза­маттармен бұлай жеке кездесу, мәселелерін тіке­лей қарау екі жақ үшін де өте пайдалы деп ойлай­мын. Азаматтарды қа­был­­дауды бірінші рет өткізіп отырмын. Біздің KEGOC ком­паниясы тұты­ну­шы­лардың күн санап өсіп жатқан сұра­ныстарын қам­тамасыз ету мақсатында алдын ала керек инф­ра­құрылымдар мен электр стансаларын іске қосып, сұра­ныстарды өтеуге нәтижелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі біраз арыз­данушылардың сұрақтары біздің құзыры­мызға кірмейтін жағдайлар екен. Алайда әр адамның сұрағы жауапсыз қалмауға тиіс. Өз тарапымыздан осында айтылған мәселелерді тиісті орындарға жеткізуге келістік. Заңдық тұрғыда дұрыс болса, ол мәселелерді «Нұр Отан» партиясымен бірге бақылауға алып, шешімін табамыз, – деді Бақытжан Қажиев.

 

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*