«Айқынның» абыройы асқақтады

523
2
Бөлісу:

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын жаңа жыл табалдырықтан аттағалы бері дүйім халық, мұқым ел болып тойлап келе жатқанымыз мәлім. Ол заңды да. Өйткені бұл мерекенің біздің ұлт үшін орны бөлек, құны қымбат.

Сондықтан оны тәуелсіз ел тұрғындары ретінде қалай тойласақ та жарасады. Бұл мерекенің қадірі мен қасиетін әрбір отандасымыз сезінуі тиіс. Оны соңғы күндері бәріміз көріп те, сезініп те үлгердік. Ширек ғасыр ішінде еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Әлем елдері арасында өзін мойындатты. Дүниежүзілік додаларда көк туымызды талай мәрте желбіреттік. Өркениетті елдердің қатарынан ойып тұрып орын алдық. Халқымыздың әлеуметтік жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш. Абыройымызды асырып, мерейімізді тасытқан мерекенің марапаты мен шарапатынан «Айқын» газетінің ұжымы да тыс қалған жоқ. Атап айтар болсақ, осы байыпты да байсалды басылымның Директор – Бас редакторы Нұртөре Жүсіп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері һәм «Ақпарат саласының үздігі» медалімен, жауапты хатшының орынбасары Жексен Алпаров пен тілшілер қосынының меңгерушісі Жолдасбек Дуанабай «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 25 жыл», ал тілшілер Жомарт Сапар мен Төреғали Тәшен және газетіміздің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Ерман Әбдиев, сондай-ақ кадрлар бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Құдарова «Ақпарат саласының үздігі» медальдарымен марапатталды. Әріптестерімізді басылым ұжымы мен барша оқырмандар атынан қызу құттықтаймыз. Алар асулар бұдан да биік болсын!

 

Бөлісу:

2 пікір жазылған

  1. Kelenna 26 Ақпан, 2017 at 07:56 Жауап

    Yo el día que lo saquen me lo compro seguro! Así que no te preocupes que yo te lo dejo. Tiene una pinta tremenda y si saben mezclar los gráficos de los Final Fantasy con la esurtctura de Uncharted será un #epicwin de los grandes

  2. Constance 26 Ақпан, 2017 at 07:58 Жауап

    You go to those shopping strips with JB, The Good Guys, Dick Smith, Office Works, Harvey Normans.I literally never look in the Harvey Normans.VN:F [1.912._1169](from 0 votes)

Пікір жазу


*