Ақмолада 40-қа жуық жылқы ұрлаған қылмыскерлер ұсталды
Ақмолада 40-қа жуық жылқы ұрлаған қылмыскерлер ұсталды
Фото: ts-agro.kz
224
оқылды
10 маусымда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Ерейментау ауданы Байсары ауылының тұрғындарына тиесілі 36 бас жылқы ұрлығы бойынша күдіктілер ұсталды. Шығын сомасы – 17 млн 750 мың теңге. Жамбыл облысының тұрғындарынан және жақын шетелдің тумасынан тұратын 31-36 жас аралығындағы қылмыстық топтың айыпталушылары қамауға алынды. Полиция қызметкерлері қаскүнемдер түнгі уақытта еркін жайылып жүрген малды жүк газеліне, сондай-ақ Scania тіркемесі бар фураға тиеп, жануарларды Жамбыл облысы Байзақ ауданының аумағына жеткізгенін анықтады. Кейін күдіктілер жылқыларды жергілікті “АСА-ЕР” базарында сатқан. Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-1-бабының 4-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.