Теңізге құлаған бала құтқарылды
Теңізге құлаған бала құтқарылды
Фото: fotokto.ru
225
оқылды
Әскери-теңіз базасының рота командирі капитан Ағабек Мақұлбек теңізге құлаған баланы құтқарып қалды.  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша,  оқиға Ақтауда болған. Ведомствоның мәлімдеуінше, қайыққа отырмақ болған бала аяғы тайып, теңізге құлап кеткен. Көмекке шақырған анасының дауысын естіген капитан Мақұлбек оны құтқаруға ұмтылған. – Менің орнымда кез келген азамат осылай жасайтын еді. Мақсатым баланы құтқару еді, – деді әскери-теңіз базасының рота командирі капитан Ағабек Мақұлбек.