Мұнай бағасы қымбаттады
Мұнай бағасы қымбаттады
309
оқылды
Бейсенбі күні таңертең мұнайдың әлемдік бағасы шикізатты жеткізуге қатысты алаңдаушылыққа байланысты өсе бастады. Мұны сауда деректері көрсетті. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:06-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 0,3%-ға өсіп, 118,87 доллар болды. WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 0,45%-ға өсіп, 115,83 долларға жетті. Мұнайды жеткізуге қатысты алаңдаушылық Ресейдің энергетикалық секторына қарсы санкциялар мен Қытай тарапынан сұраныстың жоғары болуы мүмкін деген болжамға байланысты туып отыр. Қытай – мұнайды көп мөлшерде тұтынушы әрі импорттаушының бірі. Бұл мұнай бағасының негізгі қолдауы болып қала береді. Брент 25 сәуірден бастап барреліне 100 доллардан түскен жоқ.