Теміртауда ЖЭО қазандығында жұмыс істеп жатқан жұмысшы биіктен құлап мерт болды

Теміртауда ЖЭО қазандығында жұмыс істеп жатқан жұмысшы биіктен құлап мерт болды

Теміртауда «AB Construction» ЖШС жұмысшысы жылу электр орталығының қазандығында жұмыс істеп жүріп, биіктен құлап қайтыс болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«2022 жылдың 16 маусымында 2-ЖЭО-ның №7 қазандығында монтаждау жұмыстары кезінде адам өліміне себеп болған апат болды. «AB Construction» ЖШС-нің 1986 жылы туған жұмысшысы биіктен құлап кетті. Іс тергеліп жатыр», - делінген хабарламада.
«AB Construction» компаниясының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.