Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатынын айтты.
«Құрылтайға Парламент депутаттары, саяси партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де шақырылды. Үкіметтік емес және кәсіби ұйымдардың өкілдері де шет қалған жоқ. Құрылтай құрамына өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелерін қостық. Мен Ұлттық құрылтай атына заты сай болып, ел үмітін ақтайды деп сенемін. Бізде түрлі пікірталас алаңдары бар, бірақ құрылтайдың орны бір бөлек. Құрылтай - кең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Осы ретте Мемлекет басшысы құрылтай отырыстары үлкен жауапкершілікпен ұйымдастырылуы қажет екенін айтты.
«Бұл жерде халықтың үні шын мәнінде естілуі тиіс. Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін азаматтар бас қосуы керек. Бұл ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатына кәміл сенемін», - деп нақтылады Президент.