Елордада массаж жасатуға барған лауазымды полицей 5 жылға сотталып кетті

Елордада массаж жасатуға барған лауазымды полицей 5 жылға сотталып кетті

Нұр-Сұлтанның "Сарыарқа" аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары массаж жасатқаны үшін гашишпен есептескен, - деп хабарлады елорданың №2 Алматы аудандық соты баспасөз қызметі.

«Т. есімді полицейге масссаж жасатқаны үшін 2,1 г гашиш есірткі затымен төлем жасағаны үшін ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігімен  айып тағылды, сондай-ақ ол 21,76 грамм есірткіні заңсыз сақтаған (ҚР ҚК 296 бабы 3-бөлігі)», - деп хабарлады сот.
Полицей подполковник шенінен айырылып, 5 жылға сотталды.