Доллар құны 3,59 теңгеге қымбаттады

Доллар құны 3,59 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы қымбаттады.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар құны 3,59 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 442,17 теңге. Ұлттық банктің 16 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 438,43 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 440,98 теңге, сатып алу – 445,60 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату – 442,86 теңгеден болса, сатып алу құны – 445,50 теңге.