Ақтөбеде 2 адамды ұрып-соғып, ақша талап еткендер ұсталды
Ақтөбеде 2 адамды ұрып-соғып, ақша талап еткендер ұсталды
848
оқылды
Ақтөбеде ақша бопсалап келген екі адам ұсталды. Оларды тінту кезінде 400 мың теңге тәркіленді, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.  Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі тұрғын арыз жазып, екі адам өздерінен ақша бопсалағаны туралы айтқан. Бұған дейін олар 1,7 млн теңгесінен айырылса, кейін қаскөйлер тағы 1,5 млн теңге талап еткен.
«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 29-30 жастағы екі күдіктіні ұстады. Тінту кезінде олардан ақша табылды. Қылмыстық кодекстің «Қорқытып алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге «қамауға алу» бұлтарпау шарасы қолданылды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Осы баптың санкциясымен мүлкін тәркілеу, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.