Мемлекет басшысы Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынды
Мемлекет басшысы Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынды
1,835
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау төрінде өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген қорытынды сөзінде  Qurultay атты арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай мобильді қосымша халыққа елді жаңғырту туралы ой-пікірін онлайн режимде айтуға мүмкіндік береді.
«Біз Жаңа цифрлық технологияның мүмкіндігін кеңінен пайдалануымыз қажет. Сонда мемлекет пен халықтың қарым-қатынасы барынша тиімді болмақ. Мен Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынамын. Сол арқылы халық елді жаңғырту туралы ой-пікірін онлайн режимде айта алады. Жұрт реформаның нақты пайдасын көруі қажет. Сондай-ақ, оған тікелей қатысуға мүмкіндігі болуы керек. Азаматтар өзекті мәселелер бойынша интерактивті сауалнамаға қатысады. Кез-келген түйткілді шешу жолын ұсынып, елімізді жаңғыртуға өз үлесін қоса алады. Қайырымдылық істерді үйлестіретін түсінікті әрі тиімді электронды сервисті іске қосуға болады. Мұның бәрі цифрлық демократияны дамытатын технологиялық платформаның негізін қалайды. Дамыған мемлекеттер осыған ұмтылып жатыр. Біз ғаламдық өркениеттің көшінен қалып қоймауымыз қажет. Ұлттық құрылтайдың электронды нұсқасын жасаған жөн. Сонда әрбір азаматымыз ортақ іске атсалысады», – деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев.