200 мың теңгені өртеп жіберді: полиция тиктокерлерді жауапқа тартты
200 мың теңгені өртеп жіберді: полиция тиктокерлерді жауапқа тартты
© elorda.info
2,082
оқылды
ТикТок желісінде он мың теңгелік бір бума ақшаны қоқыс жәшігіне тастап, жағып жіберген әзілкештер қазақстандықтардан кешірім сұрады.  Видеодағы екі жігіттің бірі ақшаға мұрынын сүртіп қоқыс жәшігіне лақтырса, екіншісі ақшаны жағып, отына темекісін тұтатқан.  Өздерінің айтуынша, 200 мың теңгені өртеген. Желі қолданушылары олардың бұл әрекетіне наразылық білдіріп, ұлттық символдарды аяққа таптады деп айыптады. Кейін желі жұлдыздары видеоны әзіл ретінде түсіргендерін айтып, халықтан кешірім сұрады.
“Менің атым Николай, жанымдағы Женя. Біз даулы  видеоға қатысты түсініктеме бергіміз келеді. Бұл ақшалар жасанды. Онда ешқандай ұлттық символдар бейнеленбеген. Бәрі әзіл ретінде түсірілген. Екінші жағынан қандай ақымақ 200 мың теңгені жағып жібереді? Біз осы орайда халықтан шын көңілімізбен кешірім сұраймыз. Біз музыканттармыз және қызықты видео түсіргіміз келді. Халықты, ұлттық символды таптайық деген ниетіміз жоқ. Біз студияда ән жазып, кейін қысқа бейнеролик түсіруді жоспарладық. Ойыннан от шығарып алған сияқтымыз. Біз сол үшін жауапқа тартылдық. Қазақстан халқынан кешірім сұраймыз!”- деді олар.
Өздерінің елорда тумасы екенін айтқан тиктокерлерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
"Полиция қызметкерлері бұл тұлғаларды анықтап, Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізді. Бейнежазба авторларына қатысты әкімшілік іс қозғалғаны анықталды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен оларға 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.