Ислам әлемінің екіге жарылуына жол беруге болмайды

395
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының бірінші күні БАӘ-нің ірі бизнес өкілдерімен кездесумен аяқталды.

Ислам әлемінің екіге жарылуына жол беруге болмайды – НазарбаевКездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев экономика саласындағы екіжақты Қазақстан-Араб қарым-қатынастарынан бөлек Астанада Сирия бойынша конференция өткізу келешегі жайында да айтып берді. «Бұл (Сирия жанжалын реттеудің Астана процессі – автор) өтуі мүмкін және ол біздің осы өңірдегі бейбітшілікті дамытуға қосқан үлесіміз болады. Мен Иран президенті мен Сауд Арабиясы королімен олардың қарым-қатынастарын жақсарту үшін арнайы келіссөздер жүргіздім. Ислам әлемінің екіге жарылуына жол беруге болмайды. Сондықтан ислам елдерінің, мұсылман мемлекеттерінің бірлігі, бұл елдердің ғылыми-техникалық прогреске, инвестицияға, инновацияға жұмыс істейтін исламға бейім мемлекеттерге бағдарлануы – бұл біздің жолымыз. Бір кездері ислам әлемі ғылым мен техникада бүкіл ғаламшарды басқарған еді. Біз прогреске, ғылым мен болашаққа бағдарлануымыз қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу соңында БАӘ-ның іскерлік орта өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке кездесу мүмкіндігін бергені үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

Арнұр Рахымбеков,
inform.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*