Жүрдек пойыз «Абай жолы» деп аталмақ

1328
0
Бөлісу:

Өткен жылдың желтоқсан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-тың президенті, Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев мырзаға Абай музейі ұжымының ұйымдастыруымен жергілікті әкімшілік және қоғамдық ұйымдардың атынан арнайы ұсыныс тасталған болатын.

«Алдағы жылы әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы, кемеңгер жазушы, ұлт мақтанышы Мұх­тар Әуезовтің туғанына 120 жыл то­латынын ескере отырып, «Астана – Защита» бағытына қатынайтын № 67/68 «Тұлпар – Тальго» пойызын «Абай жолы» деп атауды сұраймыз» де­ген мазмұнда арнайы хат жолданған еді.
Абай музейінің мәліметінше, хат­қа ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құр­мет» орденінің иегері Т.Иб­ра­ги­мов, «Абай» қорының президенті О.Кә­­­рібжанов, Семей қаласы әкімді­гі­нің мәдениет және тілдерді дамыту бө­лімінің басшысы Б.Көпбаев, рес­пуб­ликалық «Абай» журналының бас ре­дакторы М.Оспанов, Шәкәрім атын­дағы мемлекеттік университеттің А.Ес­пенбетов, А.Исин, М.Кәрімов, М.Түйе­баев, М.Мұхамадиев тәрізді т.б. бір топ ғалымдар мен зиялы қауым өкіл­дері қол қойған.
Көп кешікпей Абай музейінің директоры Болат Жүнісбеков мырзаға жо­ғарыда аталған ұлттық ком­па­ния­ның Дамыту жөніндегі вице-пре­зи­ден­ті міндетін атқарушы Д.Нұр­ма­ғанбетовтен ұсыныстың қаралып, қоғам тарапынан осы мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқаны туралы жауап келіпті.
Сондай-ақ «Жолаушылар тасы­ма­лы» акционерлік қоғамының сер­вис­тік қызмет көрсету бөлімінің бас ма­ма­ны Асқар Ахметбеков «Абай жолы» атауы­мен жолаушылар пойызы қаңтар айы­ның соңында немесе алдағы ақ­пан айында қатынайтынын растап отыр.

Бөлісу:

Пікір жазу


*