Ерікті атану – үлкен тәжірибе

1356
0
Бөлісу:

Универсиада жұмысына еліміздің түрлі қалаларымен қоса шет елдерден 3000-ға жуық ерікті атсалыспақ.

Асель Бейсембаева, СДУ-дің 1-курс студенті, 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың еріктісі:

-Неліктен Универсиада еріктісі атанғыларыңыз келді?

-Ерікті атану кейін маған жұмыс жасағанда көмектесетін үлкен тәжірибе береді деп есептеймін. Оның үстіне, аса үлкен тетіктің бір бөлшегі ретінде осылай еліме көмектесемін деп ойлаймын. Жай бақылаушы болып шетте тұрғанша, өз үлесімді қосқым келеді. Мен ерікті атанғанымды мақтан тұтамын, алайда оның артар жауапкершілігі де үлкен.

-Универсиададан не күтесіздер және өздеріңе берілген жабдықтаулар ұнады ма?

-Мен көптеген адамдармен танысып үлгердім, өйткені еріктілер Универсиада басталмастан көп бұрын жұмыстарға кірісіп кеткен болатын. Біз бір-бірімізбен араласып, уақытымызды көңілді өткізіп жүрміз, жаңа достарды да таптық, мүмкін өмірбақи дос болатын шығармыз,кім білсін.

Бізге берілген жабдықтау туралы да жеке айтып өткім келеді. Пішімі тамаша, жақсы матадан тігілген.  Формамыз аса ыңғайлы, жұмсақ әрі жеңіл, оңай қозғалуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, Универсиададан кейін ол естелік ретінде өзімізде қалады, осыған аса қуаныштымыз, тырысып жасаған жұмысымыз үшін жақсы сыйлық деп есептеймін. Ұйымдастырушылар көшеде жаурамайтындай, лайықты деңгейде көрінуі үшін бәрін ойластырып қойған. Сол үшін оларға үлкен рахмет!

-Сіздер спортпен шұғылданасыздар ма? Қазақстан спортшыларынан қандай нәтижелер күтесіздер?

-Маған конкьи тепкен ұнайды. Алматы Аренада жұмыс жасасам екен деп үміттенемін, осында мәнерлеп сырғанаудан жарыстар өтеді. Мен үшін ол – өте әдемі спорт түрі. Ал спортшыларымыздан біздің барлығымыз, соның ішінде мен «алтын» медальді күтеміз. Қалай болғанда да, спортшыларымыз соған жету үшін бүкіл ынта-шынтасымен күреседі деп ойлаймын. Осы істе оларға сәттілік тілеймін!

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*