ҚОС ЕЛДІҢ ҚАТЫНАСЫ ТЕРЕҢ ДАМИДЫ

374
0
Бөлісу:

ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктері вице-премьері мен БАӘ Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Аль Нахаяньмен келіссөз жүргізді.

Келіссөз барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БАӘ-ге 15-16 қаңтардағы ресми сапары барысында қол жеткізілген, жоғары деңгейдегі уағдалас­тықтарын іс жүзіне асыру жолдары қарас­тырылды.
Тараптар энергетика, мұнайхимия, атом өнеркәсібі, көлік және логистика, әс­ке­ри-техникалық салалардағы ортақ жо­ба­ларды дамытуға дайын екендерін растады.
«Бәйтерек» холдингі мен Mubadala Development Company PJSC Қазақстан аумағы мен өзге көрші елдердің басым нарықтарындағы инфрақұрылымдық және өзге де жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін жақын арада өзара инвестициялық платформа құруға келісті.
ҚР мен БАӘ-нің энергетика министр­ліктері елімізде мұнайгазхимия кешені құрылысының жобасына тараптардың қатысу мүмкіндігін талқылады.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық ком­паниясы мен Etihad Rail ұлттық темір жол компаниясы БАӘ мен үшінші елдерде бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
БАӘ атом энергиясы жөніндегі корпорациясы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»-мен ядролық энергияны бейбіт түрде пайдалану саласында екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ниет біл­дірді.
Әмірлік тарабы Қазақстан Республи­касы Қарулы Күштері әскери оқу-жат­тығу орталықтарының инфрақұрылым нысандарын инвестициялау мәселесін қарастыруға мүдделілік танытты.
Әмірлік тарапынан келіссөздерге энергетика министрі Сухейл Мухаммед аль-Мазруи, Абу-Даби Атқарушы кеңесінің мүшесі, «Мубадала Девелоп­мент» компаниясының Бас атқарушы директоры, БАӘ атом энергиясы жөніндегі корпорациясының басқарма басшысы Халдун Халифа әл-Мубарак, Абу-Даби қаласының мэрі, Etihad Rail ұлттық темір жол компаниясы Дирек­торлар кеңесінің төрағасы, инженер Ауд Муршид әл-Мурур, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері жөніндегі сыртқы істер министрінің орынбасары Фарис
әл-Мазруи және ҚР-дағы БАӘ елшісі Мухаммед әл-Джабер қатысты.
Кездесуге қазақстандық тараптан Энергетика министрі Қ.Бозымбаев, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы
Қ.Алпыс­баев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бас­қар­ма төрағасы Е.Досаев, «Қазатомөнер­кәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы
А.Жұ­мағалиев және БАӘ-дегі Қазақстан елшісі Қ.Лама Шариф қатысты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*