Голландықтар қызығушылық танытып отыр

1195
0
Бөлісу:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездесті.
Әңгіме барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалық бағыттары талқыланды.

– Біз Қазақстанның индус­триалды-инновациялық және инфрақұрылымдық даму бағ­дарламаларына сіздің елдің же­текші компанияларының қаты­суына ниет білдіреміз. Гол­ландтық өнеркәсіп техно­логиялары, алдыңғы қатарлы ноу-хау мен инновациялар ерекше қызығушылық таны­тады, – деді Бақытжан Са­ғынтаев.
Естеріңізге сала кетсек, Нидерланды Корольдігі – мем­лекет экономикасына тікелей инвестициялар құю көлемі бойынша ірі инвестор және сыртқы сауда айналы­мындағы көлем бойынша Қазақстанның ЕО-дағы Италиядан кейінгі екінші серіктесі.
ҚР Ұлттық банкінің мәлі­ме­тінше, Нидерландыдан келетін тікелей инвести­ция­лар­дың жалпы түсімі 2005 жылдан 2016 жылдың ІІ тоқ­санына дейін 61,1 млрд АҚШ долларын құраған.
2016 жылғы қаңтар-қараша аралығында екіжақты сауда көлемі 3,079 млрд долларға жеткен. 2015 жылы сауда айналымы 5,2 млрд долларды көрсетті. Оның ішінде экспорт – 4,9 млрд, импорт – 300 мил­лион.
Бұдан бөлек, 956 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Ба­сым бөлігі мұнай және газ, гео­логиялық барлау, ауыл шаруа­шылығы техникасын және жабдықтарын жеткізу, фарма­цевтика және медицина сала­ларында, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар өндірісінде белсенді қызмет етеді.
2014 жылдан бастап «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Нидерландының өнеркәсіп иелері мен жұмыс бе­рушілер конфедерациясы арасында іскерлік кеңес ор­наған.
Әмірлан МӘУЛЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*