Кадрлық жұмысты жетілдіру жүктелді

502
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинді қабылдады.
Мемлекет басшысына Жоғарғы сот кеңесінің 2016 жылғы жұмысының нәтижелері, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысында судьяларды іріктеу ісін оңтайландыру барысы баяндалды.

Президент Жоғарғы сот кеңесінің жаңа ереже мен қабылданған заңға сәй­кес сапалы кадрларды іріктеу бағытында жүргізіп жатқан жұмысының ерекше рөліне тоқталып, оның қызметіне басқа органдардың араласуына жол беріл­мейтінін баса айтты.
– Біз толық объективті болу және ара­ласпау талабы сақталу үшін алғаш рет автономды Жоғарғы сот кеңесін құрдық. Қазір судьяларды жаңа ережелер мен жаңа заңға сәйкес іріктеп жатырмыз, – деді Елбасы. А.Смолин судьяларды іріктеу тәртібі мен біліктілік талаптарын қатайтуды көздейтін Ұлт жоспарының 17-қадамының орындалуы туралы жеткізді.
– Жүргізілген жұмыстар қоры­тын­дысы бойынша судья лауазымына елеулі кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар тұл­ғалар тағайындалады, – деді ол өз сөзінде.
Судьялардың VII съезінде Қазақстан Президенті қойған міндеттерді орын­дауға қатысты жұмыстар туралы да хабардар етті.
Мемлекет басшысы кездесу қоры­тын­дысы бойынша сот жүйесіндегі кадр­лық жұмысты жетілдіру ісін жалғастыру туралы бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*