Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері (кесте)

2541
0
Бөлісу:

Жаңа жылдан бастап айлық есепкіш көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 148 теңгеге артып, 1 АЕК 2 269 теңгеге жетті. Осыған байланысты жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері артты.

Еліміздегі жолда жүру ережесін бұзып, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін салынатын ең жоғарғы айыппұл мөлшері жарты миллион теңгеге жуық. Ол 200 АЕК-ті құрайды, яғни 453 800 теңге. Сондай-ақ, аяғы ауыр келіншектер мен зейнеткерлер сынды әкімшілік арест қолданылмайтын тұлғалардан өзге азаматтар 3 жылдан 5 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады.

Одан кейінгі ірі айыппұл көлемі — 50 АЕК, яғни 113 450 теңге. Ол көлікті тоқтатқан кездегі ережелерді бұзғаны үшін және мүгедектерге арналған көлік тұрақтарына көлігін қойған азаматтарға салынады. Былтырғы жылы аталған айыппұл мөлшері биылғыдан 7,5 мың теңгеге төмен еді.

Көлемділігі жағынан үшінші орында жылдамдықты 40 км/сағаттан асырған жолаушыларға салынатын айыппұл тұр. Мөлшері — 30 АЕК (68 070 теңге).

ІІМ әкімшілік полиция Комитеті бастығының орынбасары Талғат Мұсақановтың айтуынша, бүгінде жол қиылысындағы камералар саны артып, 1 772-ге жеткізілген.

Құқық бұзушылықАйыппұл
(АЕК) (Теңге)
Жылдамдықты арттыру
Жылдамдықты 10-20 км/сағатқа арттыру1022 690
Жылдамдықты 20-40 км/сағатқа арттыру1534 035
Жылдамдықты 40 км/сағаттан арттыру3068 070
Қиылыстарды, жүргінші жолақтарын, жол өткелдерінен өту
Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамау1022 690
Көлік кептелісі кезінде жаяу жүргінші жолағына түсу, қиылысқа тұру1022 690
Жаяу жүргіншіге жол бермеу1022 690
Қиылыстан өтерде басым құқығы бар көлікке жол бермеу1534 035
Теміржол шлагбаумы жабық тұрғанда, шлагбаум жабылайын деп қалғанда ескерту белгісіне қарамастан өту1022 690
Белгі беру
Жүрейін деп тұрғанда, тоқтағанда, бұрылғанда белгі бермеу511 345
Тыйым салынған жолдарда бұрылу, артқа жүру1022 690
Басым құқығы бар көлікке жол бермеу1534 035
Жүргінші жолағындағы қозғалыс
Жаяу жүргінші жолағындағы, тротуарлардағы, жол жиегіндегі қозғалыс1534 035
Қарсы бағытқа шығу1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Тоқтау, көлікті қою
Тротурарда, балалардың ойын алаңында, арнайы көліктердің орнына көлікті қою1534 035
Көлікті жол қозғалысына кедергі келтіретін жерге қою2045 380
Мүгедектерге арналған көлік тұрағына көлік қою50113 450
Ішкі істер органы қызметкерлерінің бұйрығын орындамау
Көлікті тоқтатуға байланысты1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Ішімдік, есірткі қабылдамағаны жөнінде тексерістен өтуге байланысты2 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Ішімдік ішу
Көлікті мас күйінде басқару немесе оны ішімдік ішкен адамға басқаруға беру3 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Мас күйінде апаттық жағдай туғыза жаздау4 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Мас күйінде жол-көлік оқиғасына, жол апатына себепкер болу5 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың көлікті басқаруы20 тәулікке әкімшілік арест
Жоғарыдағы ережелерді аяғы ауыр келіншектер мен зейнеткерлер сынды әкімшілік арест қолданылмайтын азаматтар бұзған кезде200453 800
Жалпы міндеттер
Жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліктің жүргізушімен болмауы511 345
Міндетті сақтандыру келісім-шартына қол қоюдан бұлтару2045 380
Көлік категориясын басқаруға рұқсат беретін жүргізуші куәлігінің болмау1534 035
Жүргізуші куәлігінен айырылған адамның көлік жүргізуі1022 690
Экплуатация ережесі
Мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеу511 345
Көлік құралындағы ластану деңгейі немесе дауысы бекітілген нормадан асып кетуі24 538
Мемлекеттік ережеде бекітілген нөмірлерге сәйкес келмейтін нөмірлі көлікті басқару511 345
Мемлекеттік нөмірсіз немесе тіркелмеген нөмірсіз көлікті басқару1022 690
Көлікке жалған нөмір орнату201 жылға жүргізуші куәлігінен айыру45 380
Тормозы істен шыққан немесе рөлі басқарылмайтын көлікпен жүру1534 035
Арнайы рұқсатсыз жинақталған көлік1534 035
Көліктің алдыңғы жағына қызыл түсті жарық орнату, жарықты қайтаратын қызыл түсті құралдар орнату1534 035
Көлікке арнайы рұқсатсыз жарықтық белгілер мен дыбыстық белгілер қою (қауіпсіздіктің дыбыстық белгісі кірмейді)2556 725
Көліктің түсін арнайы қызметтік көліктермен бірдей қылып бояу2556 725
Апаттық жағдай және жол-көлік оқиғасы
Басқа көліктердің жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуіне әкеліп, жол-көлік оқиғасына себепкер болу1022 690
Жол ережесін бұзу салдарынан өзге көліктерге, жолға, жол белгілеріне өзге де мүліктерге материалдық зиян тигізу109 айға жүргізуші куәлігінен айыру22 690
Адамның денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтіру151 жылға жүргізуші куәлігінен айыру34 035
Жүргізуші куәлігінсіз адамның жол-көлік оқиғасына себепкер болуы2045 380
Өзге де ережелер
Қоғамдық көлік аялдамаларына қатысты ережелерді сақтамау, түнгі уақытта жарықты қоспау, белдік тақпау, тұрғын үйлер арасындағы қозғалыс ережесін бұзу, телефонмен сөйлесу, т.б

islam.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*