ЕЛБАСЫ «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫН ҚАБЫЛДАДЫ

326
0
Бөлісу:

Кездесуде Қазақстан Президентіне Ұлттық палатаның 2016 жылғы жұмысының қорытындылары, республикалық бизнес қоғамдастығының дамуы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы президиум төрағасы Т.Құлыбаев пен басқарма төрағасы А.Мырзахметов баяндады.

Елбасы бизнесті қолдау жөнінде Үкімет мақсатты түрде тұрақты жұ­мыс жүргізіп отырғанын атап өтті.
– Заңнамалық актілерге дер ке­зін­де өзгерістер енгізу бағытында жүйе­лі жұмыстар жүргізілуде, тек­серу­ші мекемелер саны қысқартыл­ды, жоспарлы тексерістер тоқта­тыл­ды. Кәсіпкерлер заңнамалық үде­­­рістерге белсене атсалысып келеді, бұл елдің іш­кі жалпы өніміндегі бизнестің үле­сін арттыруға ықпал етуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті ел­дегі кәсіпкерлікті дамыту үшін мем­лекет қабылдап жатқан шара­лар­ға бизнес өкілдері тарапынан лайық­ты қайтарым болуға тиіс екеніне на­зар аударды.
– Мемлекет тарапынан көрсе­тіл­ген қамқорлық пен қолдауға биз­нес­тің лайықты жауап беретін кезі келді. Аза­маттарды кәсіпкерлік саласына тұрақ­ты түрде тартып, олардың ел эко­номикасындағы үлесін арттыру үшін жұмыс жүргізу қажет, – деді Мем­лекет басшысы.
Палата басшылығы қазіргі уа­қыт­та шағын және орта бизнес үлесі іш­кі жалпы өнімнің 25%-ы екенін, он­да 3 миллионнан астам адам жұ­мыс істеп жатқанын мәлімдеді. 2016 жы­лы 11,2 трлн теңгенің өнімі өнді­ріл­ген, бұл – 2015 жылғы көрсеткіш­пен салыстырғанда 6%-ға артық.
Сонымен бірге, басқарма төра­ға­сы Елбасының тапсырмасы бойын­ша рұқсат беру және бақылау-қада­ға­лау саласында ревизиялық жұмыс жүр­гізіліп жатқанын атап өтті. Оның нәтижесінде рұқсат беру құжаттары айтарлықтай азайтылып, жоспарлы тексерістер тоқтатылды.
– Бас прокуратурамен, Парла­мент депутаттарымен бірлесіп, қазір шағын және орта бизнес қызметінің түрлі саласындағы санитарлық-эпи­демиологиялық талаптарды қайта қарастырып жатырмыз, – деді
А.Мыр­захметов.
Бұдан бөлек, Ұлттық палата бас­шы­лығы отандық кәсіпкерлердің жұ­­мысын оңтайландыру және тиім­дірек ете түсу үшін мобильді қызмет­тер қалыптастыруға қатысты жүр­гі­зі­­ліп жатқан жұмыстар туралы баян­­дады.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қо­рытындысы бойынша бірқатар нақ­ты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*