Қауіпсіздік қамтамасыз етіледі

1048
0
Бөлісу:

Алматыда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіппен қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Алматыға жұмыс сапары бары­сында А.Мамин «Халық арена» мұз аренасы, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешені, Атле­тикалық ауыл және «Алматы арена» мұз сарайы сияқты Универсиада нысандарын аралады.
Отырыс аясында мемлекеттік органдардың басшылары, қауіпсіздік органдары, 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығындағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы есеп берді. Жарыс өтетін ғимараттар мен Алматы қаласындағы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар талқыланды. Соның ішінде, қонақтарды тіркеуді жүргізетін шаралар кешені әзірленгені белгілі болды. Сырттан келушілер мен қатысу­шыларды алып жүретін экипаждар жұмыс істейді. Жол қауіп­сіздігін қамта­масыз ететін бекеттер күшей­тіледі. Тәулік бойы кезекшілік ететін ар­найы топтар құрылған. Барлық шара­ларға шамамен 7 мың құқық қор­ғау органдарының қызмет­керлері тартылады.
Универсиадаға дайындық пен оны өткізуге қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та өз ойларын ортаға салды.
Ведомствоаралық комиссия отырысын қорытындылай келе, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Уни­версиада қатысушылары мен қонақтарын қауіпсіздікпен қам­тамасыз ету, сонымен қатар барлық спорт жарыстарын жоғары ұйым­дастырушылық деңгейде өткізу негіз­гі басымдық болып саналатынын жеткізді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*