Тіркеуге тұрмағандар наурыздан бастап айыппұл төлейді

1105
0
Бөлісу:
тіркеу

Құқық қорғау органдары тұрақты тіркелген жерінде тұрмайтын және уақытша тіркеуі жоқ азаматтарға наурыздың ортасына дейін айыппұл салмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл нормативтік-құқықтық актілер Үкімет тарапынан қаулымен бекітілмеуіне байланысты болып отыр. Оны бекіту мерзімі биылдың ақпанының соңына дейін жоспарланған. Сонымен қатар құжат БАҚ-та ресми түрде жарияланғаннан соң 10 күннен кейін күшіне енеді.

«Заңға қосымша акт бекітілгенше, бүгінде әкімшілік заңнама нормасы қолданылмайды. Сондықтан да наурыздың ортасына дейін әкімшілік жауапкершілікке бізде ешкім де тартылмайды. Тұрғындар асықпастан ХҚКО немесе электрондық үкімет порталы арқылы өз тіркеулерін рәсімдеу үшін бір жарым ай уақыты бар», – деді ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол тұрғылықты жері бойынша тексеру тек Алматыда ғана өткенін еске салып өтті. Бұл шара қысқы Универсиада қарсаңында іске асырылды.

«Қалған өңірлерде наурыздың ортасына дейін құқық қорғау органдары қандай да бір тексерулер жасамайды, тіркеуді талап етпейді», – деді С. Сайынов.

Бөлісу:

Пікір жазу


*