Төрт аяғы бар бала өмірге келді

1347
0
Бөлісу:
төрт аяқты бала

Үндістанның Беллари қаласында төрт аяғы бар бала дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz Times Of India-ға сілтеме  хабарлайды.

Жаңа туған сәбиді ата-анасы «тәңірдің сыйлығы» деп қабылдаған. Олар балаларын өмір бойы бағып-қағуға дайын екендіктерін айтыпты. Сәбидің дене мүшесі неліктен өзгеріске ұшырағаны белгісіз.

Баланың анасының қазір үш жастағы дені сау ұлы бар. 23 жастағы келіншектің айтуынша, ол бастапқыда баланы үйіне алып кетпекші болған. Алайда дәрігерлер қосымша тексеру үшін баланы жергілікті ауруханалардың біріне беруге көндірген.

Әйел кедей тұратындықтан емдеуге ақшалары жоқ екенін айтыпты. Қазір дәрігерлер төрт аяқпен туған баланы тексеріп жатыр.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*