Сенат Төрағасы Катар Елшісін қабылдады

2032
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жо­март Тоқаев Катар мемле­кетінің Қазақстандағы елшісі Ахмад аль-Тамимиді оның өтініші бойынша қабылдады.
Төраға дипломатты Қазақстан­дағы қызметінің басталуымен құттықтады және оның жұмысы табысты болуына тілектестігін білдірді.
«Қазақстан әлем қоғамдас­тығының ықпалды мүшесі әрі қазіргі замандағы Таяу Шығыстағы өркендеген мемлекеттің бірі болып табылатын Катармен өзара тиімді байланыстарды дамытуға және тереңдетуге ерекше мән береді» деді Қ.Тоқаев.
Сенат төрағасы Сириядағы жағ­дайды реттеу жөніндегі Астанада өтіп жатқан келіссөз­дердің теңдесі жоқ ерекше сипаты бар екенін атап өтті. Олар бір жағынан бұл шиеленісті реттеуге бүкіл әлем қауымдастығының назары ауып отырғанын, екінші жағынан Қазақстан әлеуетінің және осынау күрделі істегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі мен әділ бітімгер ретінде мойын­далғанын паш етті: «Біздің еліміз өзін әлемдік диплома­тиядағы же­текші тұғырнамалардың бірі ре­тінде көрсетті». Қ.Тоқаевтың пікі­рінше, осы кездесулердің нақты нәтижелері қандай болса да, Астана үдерістері бұл күрделі мә­селе бойынша алдағы Женевадағы келіссөздерге елеулі серпін беретін болады.

А.ІЗГІЛІК

Бөлісу:

Пікір жазу


*