Ескі үйлердің іргетасы бекем бе?

1307
0
Бөлісу:

Соңғы уақытта іргетасы сонау өткен ғасырдың ортасында қаланған көпқабатты үйлердің жағдайы тараздықтарды да толғандырып отыр. Елдің бұлай дүрлігуіне Қарағанды облысындағы Шахан кентінде орын алған қайғылы оқиға себеп болса керек-ті. Ал көне шаһардағы тұрғын үйлердің 200-ге жуығы әбден ескірген көрінеді.

Бір айта кетерлігі, өткен жылы қа­ламызға Қытайдың Шеньси айма­ғы­нан бір топ делегат келіп, екі ел ара­сындағы экономикалық-мәдени байланыстарды нығайтуға уағда­ласқан болатын. Көрші елден ат тер­летіп жеткен меймандар бірнеше күн бойы, екі мыңжылдық тарихы бар Таразды аралай жүріп, қаланың қақ ортасында өткен ғасырдың көзін­дей болған ескі үйлердің сам­сап тұрға­нына қатты таңғалған кө­рінеді. Өйткені қытайлықтардың мұндай көнерген баспаналар халық өміріне қауіп төндіретіндігін ес­керіп, олар­дың көзін лезде жойып отырады екен. Осы тұста қазақтың «Қонақ аз отырып, көп сынайды» де­ген мақалы еріксіз еске түседі. Шын­туайтында, қойнауына тарих­тың талай сырын бүккен көне ша­һар­да жаңа ықшам­ау­дандар салы­нып-ақ жатыр. Бұған қоса, қаланың ажарын ашатын зәу­лім мейрам­ханалар мен қонақүй­лер­д­ің салта­натты сәулеті де көз тар­тады. Алайда ол жаңа тұрғын үйлер мен ғима­рат­тар осыдан 30-40 жыл бұрын салын­ған ескі үйлердің көлең­кесінде қа­лып тұрғандай. Әсіресе, қала ор­­та­­лығындағы Абай, Төле би, Жам­­был даңғылдары бойында әлі күнге дейін екі қабатты көнерген баспаналардың, кейбірі тіпті апатты жағдайда тұрғаны ойландырмай қоймайды. Себебі, жыл өткен сайын бұл үйлер ескіруде. Бұрын мұндай үйлердің жағдайына толық мемлекет жа­уап беретін болса, бүгінгі таңда бас­пананың бүкіл машақаты тұрғандардың өз мойын­да­рын­да. Десе де, онда өмір сүріп жатқан айлығы шайлығына жетпейтін аза­маттар мен зей­нет­керлердің мұндай зіл батпан жауап­кер­шілікті мойындарымен көтере ала ма? Мәселе осында.
«Қазіргі таңда Тараз қаласында апатты жағдайда тұрған үйлер жоқ. Бүгінде ша­һарда 1263 көпқабатты тұрғын үй бар болса, оның 193 барак типіндегі үйлер екені анықталды. Біздің зерттеп, анық­тағанымыз бойынша, дәл осы 193 үйдің көнергендігі белгілі болды. Жалпы, бұл баспаналардың кейбірі осы­дан 50 жыл бұрын салынған. Аталған үйлердің жағ­дайлары да әр қалай. Мәсе­лен, Байзақ батыр, Абай, Төле би даң­ғылдары бо­йын­дағы екі қабатты тұрғын үйлер тех­никалық ақаусыз жағдайда әрі іргетасы (фундаменті) қалыпты жағдайда болған­дықтан әлі біраз жылдарға шыдас береді деп отырмыз. Ал Темір жол бекеті ма­ңындағы мұндай үйлердің жағдайы мәз емес, – дейді қала әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Есен­гелді Бейсембаев. Сондай-ақ «Мұн­дай тозығы жеткен үйлер ертелі-кеш бір сүрі­летіні анық. Ал сол уақытта халықтың қа­мын кім ойлайды» деген сауалымызға ол: «Жағдайды кім жасауы керек? Бұл баспаналар жеке­ше­лен­дірілгендіктен тұрғындардың өзде­рінің жеке мүлкі болып саналады. Расында, бұл тұрғын үйлер сүрілген жағдайда, халық басқа жаққа көшірілуі тиіс қой. Сол себепті, апатты жағдайдағы үйлердің мәселесімен арнайы айналысатын «ҚазНИИССА» мекеме­сімен келісім­шартқа отырулары қажет. Қала әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі Оңтүстік Қазақстан облысындағы ҚазНИИССА-ның еншілес мекемесіне хат жазып, жо­ғарыда айтылған 193 үйдің апаттық дең­гейін анықтап беруін сұраған еді. Өзіміздің алдын ала жүргізілген есе­біміз бойынша бір тұрғын үйді тексе­ріп, сметалық жұ­мыстарын жүргізу үшін 2012 жылғы есеп бойынша 2 миллион тең­гені құраса, ал күрделі жөндеу және сейсмо­логиялық жағдайын да ескеру жұмыс­тарына олар 3,31 млн теңге сұраған. Біз 2012 жылғы бағамен есептеген күннің өзін­де бұл тұрғын үйлерге жергілікті бюд­жеттен 385,225 млн тенге бөлуіміз қажет» деді. Шынында, жоғарыда айтылған баға 5 жылдың ішінде өзгермеуі мүмкін емес. Егер бағаның ша­рық­тағаны анықталған жағ­дайда Қаз­НИИССА-ға қомақты қар­жы төлегеннен гөрі, есесіне, сол ақшаға бір­неше жаңа көпқабатты тұрғын үй салып, кем дегенде, азаматтардың жар­ты­сын баспанамен қамтамасыз етуге мүм­кін­­дік туар еді. Алайда жергілікті билік бұл мә­селеге дер кезінде зер салып, тұр­ғын­­дармен бірлесе отырып, оңтайлы ше­шімін таппаса, арты жақсылыққа апармайтыны анық.

Ерман ӘБДИЕВ 

Бөлісу:

Пікір жазу


*