Президент Универсиада-2017 эстафетасының алауын жақты

414
1
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Универсиада-2017 эстафетасының алауын жақты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Универсиада алауын жағып отырмыз. Тәуелсіздік жылдары бұл маңызды оқиға болып отыр. Әлемдік деңгейдегі мұндай жарыстар Қазақстанда әлі өткізілген емес. Бұл кез келген елге бұйыра бермейді. Бұл сайыстарды абыроймен аяқтаймыз деген сенімдемін. Бастысы бұл алау еліміздің барлық аймағында болып, сіздерді үлкен жеңістерге рухтандыратын жанкүйерлер ықыласына бөлейді. Командамыздың 168 қатысушысының әрқайсысы өте жоғары атаққа лайық. Мен оған сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Сіздерге бүкіл Қазақстан жанкүйер болады. Біздің өткізіп отырғанымыз біріншіден жастарымызды спортқа жақын етеді. Екіншіден, салған спорт нысандарымыздың барлығы болашақ спортшыларымызға қызмет ететін болады. Үшіншіден, елімізді әлемге тағы бір паш етеміз. Мен сіздерге мықты денсаулық тілеймін. Бір кездері қысқы Олимпиадада Владимир Смирнов, Людмила Прокашина салып кеткен жолды жалғастыруларыңыз қажет. Сіздердің қатарларыңыздан еліміз мақтанатын әлемге әйгілі спортшылар шығады. Сіздерге сәттілік пен жеңіс тілеймін», – деп аяқтады Қазақстан Президенті.

Алау эстафетасы Назарбаев Университетінен бастау алып, Астананың әкімдігі алдында аяқталады. Алауды 60 студент және астаналық жас спортшылар алып өтеді. Олардың қатарында Василий Левит, Мадияр Ибраимбеков және Мөлдір Мекенбаева бар.

Эстафета екі кезеңге бөлінеді және алауды Астананың орталық көшелерімен 12 шақырым жер алып өтеді. Бірінші кезең «Бәйтерек» монументі алдында аяқталып, осы жерде концерттік бағдарлама көрсетіледі. Екінші кезеңде алау республикалық штаб өкілдеріне тапсырылады да, әуе рейсімен Алматыға жеткізіледі.

Эстафетаға байланысты Астананың кейбір көшелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.

Еске салайық, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады.

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Emma 26 Ақпан, 2017 at 08:26 Жауап

    My package arrived in very good shape. Each Fairy and the Fairy House was wrapped in bubble wrap so they did not get broken. There was ample packing in the box to secure a safe delivery. It is a job doing business with such a great personal buneinssmas. He is the best! I will definitely order more products in the future and I will tell my friends about his website. Thanks for all the help you have given to me. MJ

Пікір жазу


*