Ғылым өркендейтін жаңа орда ашылды

758
0
Бөлісу:

Елбасы кеше Назарбаев университетінің медицина мектебінде болды. Іс-шара барысында Қазақстан Президенті бейінді білім берудің заманауи талаптарына толықтай сай келетін медицина мектебінің жаңа ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен және педагогтармен кездесті.

Әңгімелесу барысында Ел­басы қазіргі уақытта әлемнің ме­дицина мен биология саласын­дағы ғылыми прогресс алдында тұрғанын атап өтті.
– Жаңа медицина мектебінің жабдықталуын, оқыту деңгейін әлемнің үздік университеттері­мен салыстыруға болады. Сон­дықтан мен өздеріңізден үлкен жаңа­лықтар күтемін. Сіздердің зерт­теулеріңіз, зертханалық мүмкін­дік­теріңіз, оқытушы­лардың ғы­лыми әлеуеті сырқат­тың ең күр­делі түрлерін емдеудің, адам өмірін ұзартудың жаңа әдістерін табуға мүмкіндік береді. Бұл мектеп өзімен бірге басқа уни­верситеттерді ілгері жете­лейтін негізгі базалық оқу орны ретінде құрылды, – деді Мем­лекет бас­шысы.
Сонымен бірге, Қазақстан Президенті XXI ғасырда ақпарат­тық технологиялармен қатар медицина мен биологияның да алдыңғы орынға шығып отырға­нын айтты.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*