жаңа министрлер тағайындалды

1049
0
Бөлісу:

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қайта құрылымдалып, жаңадан Денсаулық сақтау министрлігі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрылды. Сондай-ақ Президенттің Жарлықтарына сәйкес Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтеріне тағайындалды.
Жаңадан құрылған Денсаулық сақтау министрлігіне ден­саулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалып­тастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілет­тік­тері берілсе, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­­нистрлігіне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функция­лары мен өкілеттіктері тапсырылып отыр. Сонымен қатар Инвес­тициялар және даму министрлігі экспортты ілгерілетуге жауапты ретінде айқындалып, оның туристік қызмет саласын­дағы функциялары мен өкілеттіктері Мәдениет және спорт министрлігіне берілді. Ұлттық экономика министрлігінің бір­қатар өкілеттіліктері Денсаулық сақтау, Энергетика, Инвес­ти­ция­лар мен даму министрліктеріне берілді. Нақтырақ айт­қанда, Ұлттық экономика министрлігінің халықтың сани­­та­риялық-эпидемиологиялық саламаттылығы сала­сындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функция­лары мен өкілеттіктері Денсаулық сақтау министрлігіне берілсе, елді мекендердің шекарасы (сызықтары) шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), орталықтанды­рыл­ған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өн­діруді жүзеге асыратын, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат­тан төмен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, газ және газбен жаб­дықтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Энер­гетика министрлігіне, сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау, су бұру, коммуналдық шаруа­­шылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу саласындағы мемлекет­тік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функ­ция­лары мен өкілеттіктері Инвестициялар және даму ми­нистр­лігіне тап­сырылды. Мемлекеттік органдардың қайта ұйымдастырылуына байланысты Үкіметке бірқатар міндеттер жүктелді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*