Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ҮНДЕУІ

2709
2
Бөлісу:

Құрметті қазақстандықтар!
Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсын­бақпын.
Бұл – Конституция мен заңдарға өз­герістер енгізу.
Біздің алдымызда билік тармақта­ры­ның өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр.
Қазір заманның дидары өзгерді.
Біз де өзгеруге тиіспіз.
Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйе­сін де жаңғыртатын кез келді.
Мен елдің мүддесі мен заманның та­лабын, ұрпақтың болашағын ойлай оты­рып осындай байлам жасадым.
Арнайы құрылған жұмыс тобы атқа­рылған істерді баяндады.
Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады.
Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі бір­шама өкілеттіктерін Үкіметке және бас­қа да атқарушы органдарға берген жөн.
Сонда бұл салаға Үкімет, министр­лік­тер және әкімдіктер толықтай жауап бе­ретін болады.
Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өз­герту арқылы іске асады.
Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Пар­ламенттің сессияның аяғына дейін Пар­ламентке енгізуі тиіс.
Екіншіден, одан да күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қа­тынасты конституциялық деңгейде тең­герімді ету.
Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшей­теміз.
Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады.
Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін артты­рады.
Тиісінше, биліктің заң шығарушы тар­мағының атқарушы билікке бақы­лауын күшейтеді.
Айтылған екі бағыттың қай-қайсысы да жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін күшейтеді.
Жұмыс тобы барлық сұрақтарды жан-жақты зерттеп, қоғамдық талқылауға шығару үшін ұсыныстар жиынтығын әзірлеуі қажет.

Құрметті қазақстандықтар!
Мен сіздерге еліміз үшін қағидатты мә­селе бойынша қайырылып отырмын.
Бұл – мемлекеттік билік тармақта­рының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу.
Менің өкіміммен арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар жаман жұмыс істеген жоқ.
Мен топтың жұмысы туралы есепті тың­дадым.
Алдағы реформа біздің дамуымыздың қисыны мен тұтастай қазіргі заманғы даму қисынына арқа сүйейді.
Негізгі мәні – Президент өзінің бір­қатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке береді.
Күшті президенттік вертикаль бізге мемлекет қалыптастырудағы орасан қиын­дықтарды еңсеру барысында қажет болды.
Бұл уақытында өзін ақтады. Біздің барлық жетістіктеріміз дәл осы жүйе ке­зінде жүзеге асырылды.
Бұл реформа басқару жүйесінің тиім­ділігін арттыруды көздейді.
Біз жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрдық.
Біз іргесін қалаған даму траектория­сының дұрыстығын тарихтың өзі қуаттап отыр.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өткен кезде біз өзіміздің табыстарымыз туралы, оның ішінде билік құрылымда­рының, президенттік жүйенің жұмысы ту­ралы айттық.
Алайда әлем бүгінде көз алдымызда өзгеріп жатыр.
Қоғамдық үдерістердің жылдамдығы мен күрделілігі Қазақстанда да артып келеді.
Қазірдің өзінде біз алдағы кезең ал­дымызға міндетті түрде көлденең тарта­тын жаһандық және өңірлік сын-қатер­лерге қалай қарсы тұратынымызды ой­лас­тыруға тиіспіз.
Ұсынылып отырған реформаның мәні билік өкілеттіктерін сарабдалдықпен қайта бөлуде, тұтастай саяси жүйені де­мокра­тияландыруда жатыр.
Президент үшін жаңа жағдайларда стра­тегиялық функциялар, жоғарғы ар­битр­дің биліктің тармақтары арасындағы қатынастардағы рөлі басым болады.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ сырт­қы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қор­ғаныс қабілетіне күш-жігер жұмыл­дырады.
Бұл ретте Үкімет пен Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейеді.
Аталған жұмыс екі шешуші бағыт бойын­ша жүргізілетін болады.
Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу жөнін­дегі заңымен бекітілген өкілеттіктерінің айтарлықтай бөлігін Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға беру керек.
Аталған салаға толық көлемінде Үкімет, министрліктер мен әкімдіктер жауап беруі тиіс.
Өкілеттіктерді беруді тиісті заңдарға өзгерістер енгізу есебінен қамтамасыз ету­ге болады. Үкіметке немесе Парламентке беруге болатын 40 шақты өкілеттік бар.
Бұл түзетулерді қабылдау үшін Үкімет Парламентке үстіміздегі сессияның аяғына дейін басым ретпен енгізеді.
Екіншіден, бұдан да күрделірек міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастарды конституциялық деңгейде теңгеру.
Парламенттің Үкімет жасақтаудағы рөлін күшейту, министрлер кабинетінің депутаттар корпусы алдындағы жауапкер­шілігін арттыру маңызды.
Парламенттік сайлауларда жеңіске жеткен партия Үкіметті жасақтауға шешуші түрде ықпал ететін болады.
Осыны басшылыққа ала отырып, Үкі­мет­тің өкілеттігін бұрынғыдай Президент­тің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдында тоқтатуы заңды болмақ.
Үкімет мүшелеріне Парламент палата­лары тарапынан сенімсіздік білдіру тәр­тібін оңайлату қажет.
Ол биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы тармаққа бақылау жасауын күшейтпек.
Үкіметке, ол сол үшін толық жауапкер­шілікте болатындай, мемлекеттік бағдар­ламаларды бекітуді тапсыру орынды бол­мақ.
Үкіметтің өзіне оның құрамына кір­мейтін орталық атқарушы органдарды құру мен тарату құқығын беруге болады.
Президент Үкімет пен Премьер-ми­нистрдің актілерінің іс-әрекетінің күшін жою болмаса тоқтату құқығынан бас тарта алады.
Мұның бәрі атқарушы мемлекеттік ор­гандар мен оның басшыларының жауап­кершілігін арттырып, қажетті өкілеттіктер береді.
Заң күші бар Президент Жарлықтарын қабылдау мүмкіндігі туралы норма кө­кейтестілігін жойды.
Жергілікті атқарушы билікке қатысты Парламенттің рөлін күшейту ұсынылады.
Оның сыртында Конституциялық кеңес­тің, сот жүйесі мен прокуратураның қыз­метін жетілдіру туралы мәселені қарас­тыру талап етіледі.
Сонымен бірге, бізге өз конституциялық құрылысымыздың бұлжымастығына сөзсіз кепілдік қажет.
Жұмыс тобы одан әрі де жұмыс істей беретін болады, олардың осы мәселелерді жан-жақты зерттеп және одан арғы қо­ғамдық талқылау үшін ұсыныстар пакетін дайындауы қажет.
Ұсынылып отырған бағдарлама үш міндетті шешуге жағдай жасайтын болады.
Біріншіден, көптеген жылдарға күні бұрын саяси жүйе тұрақтылығының қорын жасау.
Екіншіден, Үкімет пен Парламенттің рөлін арттыру қазіргі заманғы сын-тегеу­ріндерге жауап қайтарудың неғұрлым тиімді механизмін бермек.
Иә, бұл басқарудың неғұрлым күрделі жүйесі, бірақ қоғам да неғұрлым күрделі бола түсті.
Мен Президент ие өкілеттіктердің айтарлықтай бөлігін беруге саналы түрде барып отырмын.
Мен мұны жалғыз ғана мақсатпен – елді басқарудың неғұрлым тиімді, орнық­ты, заманауи жүйесін құру үшін жасап отырмын.
Үшіншіден, әлемде мемлекеттік құ­ры­лыстың әмбебап моделі жоқ. Бәрі де ізденіс үстінде.
Халықаралық тәжірибе шеңберінде іс-қимылдар жасайтын мәселелер бола тұрса да, біз өзіміздің, кейде ерекше шешім­дерімізді таба отырып, мемлекеттік құры­лыстың бөгде модельдерін көшіріп алумен ешқашан айналысқан емеспіз.
Біз ұсынып отырған реформа ең ал­дымен, өз тәжірибемізге және Қазақ­стан­ның өзінің қажеттіліктеріне арқа сүйейді.
Реформалар бағдарламасы – ол Қа­зақстан қай бағытта жүреді деген сауалға біздің жауабымыз.
Жауап айқын және дәйекті – демокра­тиялық даму жағына қарай.
Ұсынылып отырған шаралардың маңыз­­­­дылығын ескере отырып, мен жа­рия­ланатын конституциялық реформа­лардың жобасын жалпыхалықтық талқы­лауға ұсыну жөнінде шешім қабылдадым.
Тиісті Жарлық шықты.
Мұның бәрі елдің болашақ дамуына жауап береді және бес институттық ре­формаға сәйкес келеді.
«Ашық Үкімет» атты бесінші пункт дәл осы өкілеттіліктерді елеулі түрде қайта бөлуді қарастырған болатын. Биліктің бар­лық тармақтары тиімді және жауап­кершілікті жұмыс істеуі үшін олардың ара­сында тиісті тепе-теңдіктер мен ара­салмақтар құру маңызды.


Президент жарлығы

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы
1. «Қазақстан Республикасы Конститу­ция­сына өз­герістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» Қазақ­стан Республикасының заңының жо­басы (бұдан әрі – заң жобасы) бүкілхалықтық тал­қылауға шыға­рылсын, ол 2017 жылғы 26 қаңтар – 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өт­кізілсін.
2. Заң жобасы бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялансын.
3. Мемлекеттік биліктің тармақтары ара­сында өкі­леттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұ­мыс тобы бүкілхалықтық талқылау барысында ай­тыл­ған ұсыныстарды талдауды және жинақтап қо­рытуды, осы ұсыныстарды ескере отырып, заң жоба­­сын пысықтауды және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының
Президенті                                                          Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 25 қаңтар
№141

Бөлісу:

2 пікір жазылған

  1. Аягөз 8 Ақпан, 2017 at 16:56 Жауап

    Нақтырақ айтқанда 26 баптың тармақтарына енгізілетін өзгертулерді қолдамаймын.

Пікір жазу


*