СЫРТҚЫ САЯСАТЫМЫЗДА СЫНДАРЛЫ ІС МОЛ

1258
0
Бөлісу:

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері Қазақстанның 2014-2020 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелерін талқылады. 

Д.Назарбаева геосаясат және әлемдік дипломатияда Астана үде­ріс­тері ретінде тарихқа енген Си­рия­дағы жағдайды реттеу жөніндегі ке­ліссөздердің аяқталуымен Сыртқы іс­тер министрлігінің ұжымын құт­тық­тады. «Бұл Елбасымыздың саяси күш-жігері мен біздің еліміз дип­ло­маттарының қажырлы қызметінің ар­қа­сында мүмкін болды. Осынау аса маңызды әрі нәтижелі жұмыс үшін комитеттің атынан алғыс айта­мын. Жедел нәтижені ешкім күтіп отырған жоқ, дегенмен, ең бастысы, Си­рия мәселесіндегі сең қозғалды, енді оның оң бағытта ғана дамиты­ны­на сенім артамыз» деді сенатор.
Сыртқы істер министрі Қайрат Абд­рахманов сыртқы саяси қыз­мет­тің қағидаттары мен қадамдары, мақ­саттары мен міндеттері және ба­сымдықтары жөніндегі негізгі мә­селелер көрініс тапқан Сыртқы сая­сат тұжырымдамасымен сена­тор­ларды егжей-тегжейлі таныстырды. 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақ­ты емес мүшесі лауазымындағы Қа­зақ­станның жұмысындағы басым­дық­тарға ерекше назар аударылды.
Д.Назарбаева БҰҰ Қауіпсіздік кеңе­сіндегі қазақстандық дип­ло­мат­тардың жұмысын республикалық электрондық бұқаралық ақпарат құрал­дары мен басылымдарда жария етуді ұлғайту қажеттігіне назар ауда­рып, алға қойылған міндеттерге қол жет­кізуде елшілер қауымына тілек­тестігін жеткізді.
Кездесу барысында, сондай-ақ, Қа­зақстан Республикасының БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесіне мүшелігі бары­сын­да Сыртқы істер министрлігі мен Пар­ламенттің өзара байланысы, Қа­зақстанның шетелдегі диплома­тия­лық өкілдіктерінің іс-қимылы, елі­мізге инвестициялар мен жаңа тех­нологияларды тартудағы Қазақ­станның сыртқы саясатын ілгерілету, Сыртқы істер министрлігі қызмет­кер­лерінің әлеуметтік саладағы өзек­ті мәселелері талқыланды.
Сенаторлар Нұртай Әбіқаев, Ик­рам Адырбеков, Мұхтар Алтынбаев, Серік Жақсыбеков және Георгий Ким еліміздің сыртқы саясат меке­ме­сінің жұмысын жетілдіру жөнін­де­гі өз ұсыныстарын ортаға салды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*