Болашақта еуро ақша болмай қалуы мүмкін

1251
0
Бөлісу:
Еуро

Алдағы бір жарым жылда еуро айналымнан мүлде жоғалып кетуі мүмкін. Мұндай болжамымен АҚШ профессоры Тед Маллок бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz.

Ұзынқұлаққа сенсек, Дональд Трамп Еуроодақтағы АҚШ елшісі етіп тағайындауы мүмкін профессор, экономист әрі Женевадағы БҰҰ-ның бұрынғы атқарушы хатшысы Тед Маллок ВВС-ге берген сұхбатында алдағы бір жарым жылда еуро оңбай «құлап», айналымнан мүлде шығып қалуы мүмкін деген болжамымен бөлісті.
Ол, сондай-ақ, үш айдың ішінде Ұлыбританияның АҚШ-пен қос тарап үшін де тиімді сауда шартын жасасуға мол мүмкіндігі бар деп отыр.
Маллоктың пікірінше, «таза» немесе «қатаң» «брексит» (Британияның ЕО-дан шығу талқысы агенттік) Ұлыбритания үшін ең ұтымды шешім болар еді.
Британия ортақ нарық пен кедендік одақтан шыққаннан кейін «брюссельдік бюрократияны» пысқырмай, өзі қалаған сауда шартын жасай алады.
Сондай-ақ, Маллок Брюссельдің Лондон мен Вашингтон арасындағы келіссөзге кедергі жасау әрекетін қатаң сынады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*