Apple басшысы компаниядағы үлесін сатып жатыр

1145
0
Бөлісу:
Тим Кук

Apple корпорациясының бас директоры Тим Кук бірнеше күннің ішінде жалпы сомасы 3,6 миллион доллар болатын компаниядағы 30 мыңға жуық акцияны сатып жіберген, – деп хабарлайды Appleinsider басылымы АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясына сілтеме жасап.

Құжаттарға сәйкес, Тим Кук құнды қағаздарды сатқан. Басылымның мәліметінше, Кук келісімдерді 20, 23 және 24 қаңтарда жасаған. Сол кезде акциялардың бағасы шамамен 120 доллар болған. Сондай-ақ, Apple басшысы үлесін сатып жатса да, Тим Кукта сомасы 117,6 миллион доллар болатын 979 809 акция қалғаны айтылады.

kaz.tengrinews.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*